Екібастұз ЖЭС-2 толықтай Қазақстанның бақылауына көшеді

0
826

«Самұрық-Қазына» «Екібастұз ЖЭС» станциясы акцияларының 100% иесі болады.


Екібастұз ЖЭС-2 толықтай Қазақстанның бақылауына көшеді

ERNUR.KZ. «Самұрық-Қазына» «Интер РАО» ААҚ-дан «Екібастұз ЖЭС-2 станциясы» АҚ-ның 50% үлесін сатып алады, деп жазады 7kun.kz.

Жобаның Жол картасына сәйкес, мәмілені 2019 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Осылайша, қор «Екібастұз ЖЭС» станциясы акцияларының 100% иесі болады.

«Интер РАО» өзінің «Екібастұз ЖЭС-2 станциясындағы» акцияларын нарықтық шарттарда сатып жатыр, дегенмен мәміленің бағасы келісім аяқталғанға дейін жария етілмейді. Мәміленің жабылуы белгілі шарттардың орындалуына, оның ішінде тараптардың басқару органдарының бұл мәмілені мақұлдауына, несие беруші банктердің ЕЖЭСС-2 станциясының акционерін ауыстыруға келісімін алуына және т.б. органдарға байланысты»,– делінген хабарламада.

«Интер РАО» компаниясы ЕЖЭСС-2 құрамынан шығу туралы шешімі оның негізгі нарығы – Ресейде жұмыс істеуге шоғырлануға деген ниетімен байланысты болғанын хабарлады. «Екібастұз ЖЭС-2» үлесін сату жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін, «Интер РАО» ААҚ-ның Қазақстанда активтері болмайды. Жақын арада Ресейде өндіруші қондырғыларды модернизациялау іске қосылады, оған «Интер РАО» белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.