Екібастұзда атып кеткен ер адамның жағдайы ауыр - дәрігерлер

0
441

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.


Екібастұзда атып кеткен ер адамның жағдайы ауыр - дәрігерлер

ERNUR.KZ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында оқ ату салдарынан зардап шеккен тұрғынның жағдайы туралы айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Екібастұз қалалық ауруханасына 15 мамыр күні сағат 18.10-да бел мен іш, иық, мықын аймағының оқ жарақатымен жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды», – дейді басқармада.

Зардап шеккен азаматтың жағдайының ауырлығына байланысты бірден ота жасалған. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастыруда. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады.

Еске салайық, 15 мамыр күні сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны туралы хабарлама түскен.

Аталған мекенжайға дереу жедел тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, зерделеді. Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.