Екібастұзда жылу беруде қиындық туындаған үйлер аталды

0
492

Олег Крук кəсіпорындар мен ПИК ұжымдарына жанқиярлық еңбектері үшін алғыс айтып, сантехник Владимир Сергеевич Кузнецовты бөлек атап өтті.


Екібастұзда жылу беруде қиындық туындаған үйлер аталды

ERNUR.KZ. Кейбір көпқабатты тұрғын үйлерде жылу жүйесінен суды дұрыс ағызбаған, деп жазады pavlodarnews.kz.

Екібастұзда кварталішілік желілер мен жылу қондырғылары қалпына келтірілді. Мамандар тікқұбырлар мен батарейлерді жөндеумен айналысуда. Бұл туралы баспасөз жиынында облыс әкімінің уақытша міндетін атқарушы Олег Крук мәлім етті.
"Кейбір үйлерде ПИК жылу жүйесіндегі суды дұрыс ағызбаған. Батарейлер қатып қалған. Сондықтан көптеген батарейлер мен тікқұбырларды ауыстыруға тура келуде. Қазіргі уақытта Сәтбаев көшесі, 8, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52, Әуезов көшесі, 47, 46, 46а, Шешембеков, 19а мекенжайларындағы үйлерде қиындық туындауда",- деді Олег Крук.
Ол енді жөндеу бригадаларының жұмысы басқаша өрбитінін айтты. Әр үй жеке кәсіпорынға бекітіліп, коммуникациядағы барлық ақау жойылғанша басшылары Екібастұзда болады.

Олег Крук кəсіпорындар мен ПИК ұжымдарына жанқиярлық еңбектері үшін алғыс айтып, сантехник Владимир Сергеевич Кузнецовты бөлек атап өтті.