Екібастұзда бүгін таңертең жарылған жылу құбыры толық жөнделді

0
340

Екібастұздағы №6 шағынауданда орамішілік жылу желісінде құбыр жарылған еді.


Екібастұзда бүгін таңертең жарылған жылу құбыры толық жөнделді

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Екібастұздағы №6 шағынауданда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«№6 шағынауданда орамішілік жылу желісіндегі ақау жойылды. Бауыржан Момышұлы көшесі 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67а тұрғын үйлеріне жылу беру қалпына келтірілді. Бауыржан Момышұлы көшесі 42, 54 мекенжайындағы екі үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген Екібастұз әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін сағат 04:30-да Екібастұздағы №6 шағынауданда орамішілік жылу желісінде құбыр жарылған еді. Оған жөндеу бригадалары жіберіліп, екі көшедегі 15 тұрғын үйге ыстық су беру уақытша тоқтылған болатын.