Екібастұзда қоқысты өңдейтін мобильді іріктеу желісі іске қосылды

0
1 373

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, желінің қоқыс өңдеу қуаттылығы жылына 35-тен 50 мың тоннаға дейін жетеді.


Екібастұзда қоқысты өңдейтін мобильді іріктеу желісі іске қосылды

ERNUR.KZ. Полигонның аумағында тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша орналастырылған құрылғыда пластик, қағаз және шыны да өңделеді, деп жазады pavlodarnews.kz.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов болды.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, желінің қоқыс өңдеу қуаттылығы жылына 35-тен 50 мың тоннаға дейін жетеді.

- Біз екінші кезектегі шикізатты өңдейміз, - дейді «Полигон» шаруашылық құқығы негізіндегі кәсіпорынның директоры Қуандық Өтегенов. – Өңдеуге кетпейтін нәрсе пештерде жағылады.

Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, құрылғыны қолданысқа енгізу қоқыс шығару қызметі үшін тарифтерді тұрғындар үшін 5 пайызға азайтуға мүмкіндік берген. Қала басшылығы ендігі қоқысты жеке жинау үшін 200 еуроконтейнер сатып алған.

Бұдан кейін өңір басшысы биылғы жылдың қаңтар айының ортасында Екібастұз қалалық сотының фронт-офисін аралады. Тұрғындармен жұмыс жөніндегі орталықта әрі қарай өңдеу үшін ақпарат енгізіледі. Әртүрлі мемлекеттік органдармен байланыс, клиенттерге ақпарат жіберу, яғни, тұрғындармен байланыс бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бүгінгі таңда фронт-офиске 800-ден астам адам жүгінген. Бұдан басқа, облыс әкімі Екібастұзға кіреберістегі стеланың жанында ашылған жол бойындағы дәмханаға кіріп шықты.

50 орынға арналған Stella деп аталатын дәмханада 10 адам жұмыс істейді. Жобаға «Эмирэйт Group» ЖШС 25 млн теңге салған.