Екібастұзда Құран сатпақ болған әйел ұсталды

0
870

Қарт әйел қасиетті кітапты сату арқылы алты жарым мың теңге алмақ болған.


Екібастұзда Құран сатпақ болған әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Екібастұзда 63 жастағы келіншек қасиетті кітапты ғаламтор арқылы сатпақ болған. Бұл заңға қайшы болғандықтан, тәртіп сақшылары зейнеткерге айыппұл салды, деп жазады kaz.nur.kz.

Аталған жайтты Екібастұз тәртіп сақшылары анықтады. Қарт әйел қасиетті кітапты сату арқылы алты жарым мың теңге алмақ болған. Алайда, енді оның өзі ел қазынасына айыппұл төлейтін болды. Екібастұз тұрғынына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, ол 138 мың теңге айыппұл төлейді деп түсіндірді полицияда.