Екібастұзда шіркеу қызметкеріне 630 мың теңге айыппұл салынды

0
644

Карантин кезінде шіркеу жұмыс істеп тұрған.


Екібастұзда шіркеу қызметкеріне 630 мың теңге айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Дін қызметкерге 630 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынды, деп жазады zakon.kz.

1 тамыздағы рейдтер кезінде сағат 21.11-де Екібастұз қаласының мониторингтік тобы карантинді бұзу фактісіне жол берәп, жұмыс істеп жатқан діни бірлестіктердің бірін анықтады, - деп хабарлайды Павлодар-онлайн Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған факті бойынша пасторға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының бірінші бөлігі, яғни "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Оған 230 АЕК, яғни 638 940 теңге айыппұл салынды.

5 шілдеден бастап өңірде күшейтілген карантин режимі қолданылды, оның барысында кейбір объектілердің, соның ішінде діни объектілердің де қызметі тоқтатылды: мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалары.