Екібастұзда сүйіктісіне кеткен әйел кішкентай қызын екі күн жалғыз қалдырған

0
2 233

Әйел «өз арманындағы ер адамның» көңілі үшін бірнеше күннен кейін ғана оралмақ болған


Екібастұзда сүйіктісіне кеткен әйел кішкентай қызын екі күн жалғыз қалдырған

ERNUR.KZ. Пәтерді ашу үшін Төтенше жағдай қызметкерлері, білім беру өкілдері шақырылды, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полицияға үй тұрғындарынан шақырту түскен. Көршісі 12 жасар қыздың пәтерде жалғыз қалғанын және сыртынан анасы есікті жауып кеткенін айтқан. Екі күн бойы қыз үйде жалғыз болған.

«Полицейлер әйел адамның қайда жүргенін анықтады. Оның ер адаммен кездесу үшін Өскемен қаласына кеткені белгілі болды. Анасы бірнеше күннен кейін ғана үйіне келмек болған. Пәтердегі бала жалғыз өзі қалған. Бұған қоса, азық-түлік те болмаған. Әйел адам үйіне оралғаннан кейін «өз арманындағы ер адамды» қайтып кездестірмей қаламын деп уайымдаған», - деді Екібастұз қалалық полиция басқармасының аға инспекторы Фатима Ахметжанова.

Қызбен сөйлескен кезде оның әжесі қалада тұратыны анықталды. Кәмелетке толмаған бала әжесіне қолхатпен берілді. Неліктен анасы қызын әжесіне қалдырмағаны белгісіз.

«Бұған дейін кәмелетке толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен білім беру, құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Аталған факті бойынша анасына қатысты ҚР ӘҚБК 127-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Бұдан басқа, анасының мінез-құлқы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады және қызымен бірге қалдыруға қатысты мәселе шешіледі», - деп атап өтті Фатима Ахметжанова.