"Екінші Венеция": Алматыда жауыннан ағаштар құлап, көшелерді су басты

0
780

Су басқан көшелердің видео, суреттерін әлеуметтік желілерді қолдаланушылар бөлісті.


ERNUR.KZ. Түнде Алматыда бір айлық жауын-шашын нормасының төрттен бір бөлігі түсті. 14-нен 15 мамырға қараған түні 19 ағаш құлады. Төтенше жағдайлар департаменті су басқан 21 аумақты тіркеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Су басқан көшелердің видео, суреттерін әлеуметтік желілерді қолдаланушылар бөлісті.

@kris_p_almaty жүктеген видеолардың бірінде Әл-Фараби және Сейфуллин даңғылдары көрсетілген. Кадрларда су ағып жатыр.

"Екінші Венеция", - деген жазба авторы.



Желі қолдаланушылары бір-бірінен қырағы болуды сұрайды.


Алматы қаласы ТЖД өкілі 14 мамырда айтылған ескертуден кейін қаланың барлық авариялық-құтқару қызметі жоғары дайындыққа келтірілгенін хабарлады.

Жиі су басатын учаскелерге алдын ала адамдар мен техника жіберілді.


"Үш учаскеде бұл шаралар өзін ақтады. Келіп түсуіне қалған өтінімдер жедел пысықталды. Ауласына су кіріп үлгерген 15 жеке тұрғын үй су басудан аман қалды. Төрт жағдайда су жолға шығып, екеуінде - көппәтерлі үйлердің жертөлесіне құйылды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.



Сондай-ақ, Наурызбай ауданы Әшімов көшесі, 89-үйде арық жүйесі толып, су жеке тұрғын үй аумағына кірген.


"Сағат 12.00-ге дейін жерге 30 дана қап төселіп, апаттың алды алынды, оған 5 бірлік техника мен 15 адам жұмылды", - деп атап өтті ТЖД.


Нөсер жауын салдарынан 19 ағаш құлап, оның 8-і автокөліктерге, 11-і жолға түскен.

Су басуды жоюға өзара іс-қимыл қызметінің 131 қызметкері, 39 бірлік техника, 9 мотопомпа жұмылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Барлығы 840 текше метр су сорылып, 260 қап төселді. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр.