Экология вице-министрі мен "Оператор РОП" басшысы тұтқындалды

0
561

Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Экология вице-министрі мен

ERNUR.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп жазады Tengrinews.kz.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растайды", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген. Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.