Экс-президент кеңсесін қаржыландыру тоқтатылған жоқ - министр себебін айтты

0
491

Ақпанның ортасында Елбасы туралы заңның күші жойылған болатын.


Экс-президент кеңсесін қаржыландыру тоқтатылған жоқ - министр себебін айтты

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Елбасы кеңсесін қаржыландыру не себепті тоқтатылмағанын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

Ақпанның ортасында Елбасы туралы заңның күші жойылған болатын. Президент тиісті құжатқа қол қойды. Осыдан кейін Назарбаевтың сайты интернеттегі адресін өзгертті.
Министрдің айтуынша, Назарбаев кеңсесін қаржыландыруды қысқарту жағынан сәл-пәл өзгеріс жасалды. Бірақ толығымен тоқтатылған жоқ.
"Әзірше, біз бюджетті нақтылау аясында аз ғана қысқарту жасадық. Бірақ тағы заңға тәуелді актілер қабылдануы керек. Сол кезде айтамын", - деді Жамаубаев сенатта өткен брифингте.
Қаржы министрінің айтуынша, шамамен, екі айдай уақыт қажет.
Ал журналистердің "Қазір қаржыландыру жүріп жатыр ма?" деген сұрағына: "Иә, әзірше жүріп жатыр", - деп қысқа ғана жауап берді.