Ел аумағында 145 адам қызылша ауруымен тіркелді

0
392

Дәлелденген 75 жағдайдың дені 14 жасқа дейінгі балалар.


Ел аумағында 145 адам қызылша ауруымен тіркелді

ERNUR.KZ. 145 адамнан қызылша ауруы табылды. Оның 75-і зертханада дәлелденді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. Дәлелденген 75 жағдайдың дені 14 жасқа дейінгі балалар.

Көбі - екпе алмаған. Дерт вакцинадан бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімі бар және екпе алу жасына жетпеген 6 жасқа дейінгі балалар арасында дендеп отыр.

Сонымен қатар, Түркия, Мысыр, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келгендерден де ауру табылған. Ал профилактикалық екпеден бас тартқандардың саны биыл 31 мыңнан асты.