Елбасы Әбіш Кекілбаев атындағы мұражайға барды

0
1 478

Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Елбасы Әбіш Кекілбаев атындағы мұражайға барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұражайды аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сондай-ақ Елбасы Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражай экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайдың Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүр. Елбасының назарына Каспий теңізінің жағалауында туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды.