Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жаңа басшысы тағайындалды

0
1 733

Экс қорғаныс министрі Елбасы атындағы университетті басқарады.


Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің  жаңа басшысы тағайындалды

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәкен Әділханұлы Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысының Өкімімен Асхат Наурызбайұлы Рыспаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылып, орнына Сәкен Әділханұлы Жасұзақов тағайындалды.