​Елбасы бақытты маман болудың үш кілтін атады

0
1 203

"Күнделікті жұмыс күнімізді дұрыс бастай білу өте маңызды. Елбасының кеңесі бар бұл бейнебаян жұмысқа бар жаныңызды салып істеуге мықты уәждеме болар деп үміттенеміз"


​Елбасы бақытты маман болудың үш кілтін атады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені Facebook-те Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзінді жариялады.

"Күнделікті жұмыс күнімізді дұрыс бастай білу өте маңызды. Елбасының кеңесі бар бұл бейнебаян жұмысқа бар жаныңызды салып істеуге мықты уәждеме болар деп үміттенеміз", — деп жазылған видеоның сипаттамасында.

"Егер жақсы көрсең, кез келген мамандық сенің бақытыңа айналады. Үш нәрсені ескеру керек: тәртіпке бағыну керек, еңбек ету керек, өз жұмысыңа қанағаттанып, одан ләззат алуға тиіссің. Егер жұмысқа осындай көңіл-күймен баратын болсаң, кез келген жұмысты жақсы көріп істейсің. Ал егер жек көріп тұрсаң, ол саған ауыр соғады", — деп атап өтті Назарбаев.

Дереккөз: sputniknews.kz