Елбасы белгілі журналист Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

0
2 479

Михаил Дорофеев қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 25 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен.


Елбасы белгілі журналист Дорофеевтің отбасына көңіл айтты

Елбасы белгілі журналист Михаил Дорофеевтің туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті белгілі қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы Михаил Дорофеевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

«Ол үлкен жұмыс тәжірибесі бар өз ісінің кәсіпқой маманы еді. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, Журналистика академиясының академигі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды. Михаил Дорофеев отандық медиа саласының дамуына сүбелі үлес қосып, жаңа сапа стандарттары мен кәсібилікті енгізуге ықпал етті», – делінген жеделхатта.