​Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

0
1 110

Нұрсұлтан Назарбаев қала халқын қолжетімді әлеуметтік нысандармен, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.


​Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

Қазақстан Президентіне Астана қаласын одан әрі дамытудың және тұрғын үй алаптарында құрылыс жүргізудің жоспары таныстырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының тұрмысы үшін қолайлы жағдай жасаудың әлеуметтік маңызы жоғары екеніне тоқталып, қала құрылысында кешенді әдіс қолданудың қажеттігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев қала халқын қолжетімді әлеуметтік нысандармен, соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

Сонымен қатар, Елбасы шаһарды көгалдандыру, қалада көлік қатынасын оңтайландыруға мүмкіндік беретін автотұрақтар мен жолайрықтар салу мәселелеріне назар аударды.

Астана әкімі Б.Сұлтанов Мемлекет басшысына елордада әлеуметтік, коммерциялық, әкімшілік және тұрғын үй нысандарын салудың жоспарлары туралы мәлімдеп, қала инфрақұрылымын дамытудың перспективалары жөнінде баяндады. Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері елордада 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген және жыл соңына дейін тағы да 2,3 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.