Елбасы қазақстандық бизнесменге орден табыс етті

0
1 605

Кәсіпкерге "Нұрбанк" АҚ акцияларының 90 пайызға жуығы, "Виктория" сақтандыру компаниясының 100 пайызы және Helios автожанармай құю станцияларының желісі тиесілі.


Елбасы қазақстандық бизнесменге орден табыс етті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев BSB Қаржы-өнеркәсіп корпорациясы ЖШС президенті Рашит Сарсеновке "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін табыс етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті орденді тапсыра отырып, отандық бизнесменнің елдімізді дамыту және өркендету ісіндегі еңбегін ерекше атап өтті.

Рашит Темірболатұлы Сәрсенов - қазақстандық кәсіпкер. Forbes журналының деректері бойынша, 2020 жылғы қазанда 632 000 000 доллар активке ие болған және Қазақстанның бай бизнесмендері рейтингінде 9-орын алған.

БАҚ мәліметінше, оған "Нұрбанк" АҚ акцияларының 90 пайызға жуығы, "Виктория" сақтандыру компаниясының 100 пайызы және Helios автожанармай құю станцияларының желісі тиесілі. Сондай-ақ, бизнесменге "Француз үйі", Beautymania, Imperial Home, "Планета красоты" сауда желілері, "Новое поколение" газеті, ат клубы, Каспий қоғамдық университеті және Алматы құрылыс және менеджмент колледжі.