Елбасы «Композитор» фильмін жоғары бағалады

0
730

Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Лос-Анжелес(АҚШ) қаласында өткен 4-ші кезекті «Golden screen awards» марапаттау шарасында 4 номинация бойынша марапатталды.


Елбасы «Композитор» фильмін жоғары бағалады

ERNUR.KZ. Елбасы «Композитор» фильмін жоғары бағалады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова мен продюсер Джонатан Шенді «Композитор» фильмі Golden Screen Awards сыйлығының төрт номинациясын жеңіп алуымен құттықтаймыз. Елбасы фильмді жоғары бағалады», - деп жазады ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі Лос-Анжелес(АҚШ) қаласында өткен 4-ші кезекті «Golden screen awards» марапаттау шарасында жылдың «Ең үздік киносы», «Ең үздік музыка», «Ең үздік ер адам рөлі» және «Ең үздік әйел рөлі» сынды 4 номинация бойынша марапатталды. Композитор» фильмінің тұсау кесері ағымдағы жылдың 17 мамыр күні елордада өткен болатын.