​Елбасы Қорғаныс министріне бірқатар нақты тапсырма берді

0
1 093

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады


​Елбасы Қорғаныс министріне бірқатар нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы, сондай-ақ оны одан әрі дамытудың басым бағыттары жөнінде мәлімделді.

Н.Ермекбаев Мемлекет басшысына жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру, армияны қару-жарақпен қамтамасыз ету және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін шешу ісіне байланысты атқарылып жатқан шаралар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Қорғаныс министрі бітімгершілік миссия құрамындағы қазақстандық контингенттің қызметіне тоқталды.

Соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.