Елбасы коронавируспен күресуге өз қорынан 200 млн теңге бөлді

0
841

​Қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдіктері арасында тең бөлінеді.


Елбасы коронавируспен күресуге өз қорынан 200 млн теңге бөлді

Нұрсұлтан Назарбаев Елбасы қорынан коронавируспен күресу үшін 200 миллион теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, ақша Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен бөлініп отыр.
"Бүгінде Қазақстанда эпидемияға қарсы шаралар толық көлемде жүргізіліп жатыр. Олар дер кезінде қабылданды және қазіргі жағдайға сай. Мемлекет теңдессіз шараларды қолға алды. Қауіпті инфекциямен күреске отандық бизнес те атсалысып жатыр. Мен қоғамның ұйымшылдығын көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілік танытып, осы бастаманы қолдауға шақырамын. Біз бұл сынақтан абыроймен өтеміз. Біз біргеміз!", - делінген Елбасының тапсырмасында.
Қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдіктері арасында тең бөлінеді.