​Елбасы Мирзиеевті туған күнімен құттықтады

0
1 400

Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.


​Елбасы Мирзиеевті туған күнімен құттықтады

фото liter.kz

ERNUR.KZ.Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады.

«Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі» делінген хабарламада.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.