​Елбасының бастамасымен тағы 20 мың білім гранты бөлінді

0
1 129

Қосымша гранттар негізінен техникалық мамандықтарға бағытталған.


​Елбасының бастамасымен тағы 20 мың білім гранты бөлінді

ERNUR.KZ. Қазақстанда техникалық мамандарды көбірек даярлау мақсатында қосымша жоғары білім гранттары бөлінді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасы бойынша жоғары оқу орындарына қосымша 20 мың грант бөлінді. Гранттар жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы жуырда ғана аяқталды, 68 мың адам грантқа ие болды. Бұл өте жақсы», - деді Қазақстан Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов Павлодарда «Нұр Отан» партиясының облыстық активінің отырысында.

Қосымша гранттар негізінен техникалық мамандықтарға бағытталған.

«Бұл жаңа экономикада қажеттілік байқалатын мыңдаған мамандарды даярлауға септігін тигізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында толық айтқан болатын», - деді Б. Жұмағұлов.

Әкімдер қосымша 3 мыңға жуық грант бөлді

ҚазҰУ гранттар саны бойынша көшбасшы атанды