Елбасының ескерткішін орнынан алып тастаған: ​Ұлттық музей түсініктеме берді

0
878

Әлеуметтік желіде Ұлттық музейдегі Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнынан алып, теріс қаратып қойғаны туралы ақпарат тарады.


Елбасының ескерткішін орнынан алып тастаған:  ​Ұлттық музей түсініктеме берді

фото: ғаламтордан

Ұлттық музей баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желіде журналист Серік Аббас-Шах шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны белгілі болды. Ол жазбасында ескерткіштің теріс тұрған суретін жариялаған.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұрсұлтан Назарбаевты орнынан алып, бірдеңе бүлдірген бала құсатып (теріс қаратып) бұрышқа тұрғызып (дұрысы отырғызып) қойыпты, - деп жазды ол.

Алайда музейдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай ақпараттың жалған екенін айтып, ресми мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желіде Серік Аббас-Шахтың таратқан мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, ескерткіш орнында. Ал, таралып кеткен фото 2018 жылы Ұлттық музейге ескерткішті қою кезінде түсірілген болуы мүмкін. Ресми ақпаратты Ұлттық музейдің ресми парақшаларынан біле аласыздар. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратудан сақ болайық, - деп түсіндірді ол.