"Елбасының мәлімдемесі": Назарбаевтың баспасөз хатшысы желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

0
998


Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай қауесетке сенбеуге шақырды , деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Елбасының мәлімдемесі" деген атаумен тарап жатқан видео жалған деп айтқым келеді. Зиянкестер жауапкершілікке тартылады. Осындай ақпараттардан сақтануды және оларды ресми дереккөздерден тексеруге шақырамын", - деп жазған Twitter-де.

Еске сала кетсек, сенбі күні қазақстандық интернет кеңістігінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметінен кететіні және алда сайлау болатыны туралы жалған бейне-жазба тараған.