Елбасының өмір бойғы төраға бола алатын қызметтері тоқтатылды

0
807

ҚР Парламенті Мәжілісі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінде өмір бойы төрағалығының күшін жою туралы заңдарға түзетулерді қабылдады.


Елбасының өмір бойғы төраға бола алатын қызметтері тоқтатылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы депутат Қанат Нұров Facebook-тегі парақшасында жазды, деп жазады Экспресс К.

"Мемлекет басшысының Парламенттегі соңғы сөзі шын мәнінде революциялық болды. Енді Парламент пен Үкімет оның барлық уәделерін толық, шұғыл және дәл жүзеге асыруы керек. Ең алдымен, Тұңғыш Президенттің ҚХА мен Қауіпсіздік Кеңесіндегі өмір бойғы төрағалығын алып тастау қажет болды. Оны бүгін жасадық. Мәжілістің осы тарихи шешіміне мен де қатыстым. Сенатқа "ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы", "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" және "ҚР Қауіпсіздік Кеңесі туралы" конституциялық заңдарға барлық қажетті түзетулер жіберілді. Енді ҚХА мен Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық адамның жеке басына емес, лауазымына қарай беріледі", — деп жазды депутат.

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына видеоүндеу жолдады. Тұңғыш Президент ешқайда кетпегенін, қазір зейнетте екенін айтқан болатын.