Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

0
1 184

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді


Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

ERNUR.KZ. Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды, деп жазады akorda.kz.

Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіліп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.