Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Нью-Йоркте оқылды

0
1 417

Назарбаевтың мақаласы америкалықтарды қазақ елінің тарихына жаңа көзқараспен қарауына ықпал еткен


Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Нью-Йоркте оқылды

ERNUR.KZ. АҚШ қоғамы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен танысты, деп жазады 24.kz.

Америкалықтар Қазақстан тарихын тереңнен танып, ондағы кейбір деректерге таң қалды. Орыс-америка қорының президенті, белгілі қоғам қайраткері Марина Ковалева Президент Назарбаевтың мақаласы қазақ елінің тарихына жаңа көзқараспен қарауға әсер еткенін айтады.

Марина Ковалева, АҚШ қоғам қайраткері, театр продюсері: - «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалада қазақ халқы тарихын әлем тарихымен байланыстыра отырып, тереңнен талқылануы мені таң қалдырды. Әсіресе Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың өткенін келешегімен тығыз байланыстыра білуі ерекше әсер етті. Оның ішінде аң стиліне қатысты деректер маңызды. Біз Жібек жолы туралы көп білеміз. Бірақ алманың қазақ жерінен бастау алғаны көпшілікке беймәлім. Әсіресе оның көпғасырлық тарихы өте қызық.