Елде салықтық рақымшылық жүріп жатыр: Ол кімдер үшін

0
1 627

Салықтық амнистия ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.


Елде салықтық рақымшылық жүріп жатыр: Ол кімдер үшін

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президентінің тапсырмасымен елде шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын өтеу жағдайында айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүріп жатыр, деп жазады Stan.kz.

2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша республикада жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеге 37,150 салық төлеуші салықтық берешегін өтеген. Оның ішінде 1,9 млрд теңге айыппұл және 98,7 млн өсімпұл үшін ұсталған.

Айта кету керек, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша республикада 90 077 шағын және орта бизнес субъекті салық берешегін уақытында өтемеген. Берешек сомасы 210,4 млрд теңгені құрады.

«Салықтық амнистия ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Осыған байланысты шағын және орта бизнес субъектілерілеріне жиналып қалған борыштарынан құтылу және мемлекеттік кіріс органдарымен қойылған барлық шектеулерді жою мүмкіндігінің бар екенін еске саламыз. Сонымен қатар, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салықтық кезеңдер үшін салықтық міндеттемелер бойынша жеке тұлғамен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдарды есептен шығару жолымен жүргізілетін алдағы салықтық рақымшылық туралы жеке тұлғалар – салық төлеушілердің назарына жеткіземіз»,- делінген хабарламада.