Елдегі демалыс орындарына кез келген азамат өзімен бірге тамақ пен сусын алып кіруге толықтай құқылы

0
830

Бұған тыйым салу заңсыз.


Елдегі демалыс орындарына кез келген азамат өзімен бірге тамақ пен сусын алып кіруге толықтай құқылы

ERNUR.KZ. Елдегі демалыс орындарына кез-келген адам өзімен бірге тамақ пен сусын алып кіре алады. Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті осыны еске салды, деп жазады stan.kz.

Кез-келген азамат елдегі демалыс аймақтарына тамақ пен сусын алып кіре алады. Бұған тыйым салу заңсыз. Бұл туралы Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов айтты. Айтуынша, қолыңыздағы сусын мен тағам – тұтынушының жеке заты. Оның қолыңыздан алып алуға ешкім шектеу қоя алмайды екен.

"Егер демалыс орнына кіру үшін арнайы билет сатып алған болсаңыз, қолыңызда төлем жасағаныңыз туралы чегіңіз бен билетіңіз болса, онда сіз сусынмен, тамақпен кіруіңізге толық құқыңыз бар”, – деді Рамазан Баренов.

Сондай-ақ ол тұтынушылардың дәл солай кріуіне тыйым салса, онда бірден арыз жазуға болатынын да айта кетті. Тіпті бұл үшін кәсіпкерлер Әкімшілік кодекстің 163-бабы 2-бөлігі (Жосықсыз бәсекелестік) бойынша жауапқа тартылады. Яғни 690 мың теңгеден 5 миллионға дейін айыппұл төлейді екен.

Сондай-ақ азаматтарға Ұлттық банк өкілдері де мәлімдеме жасаған. Яғни кәсіпкерлер майда тиынды қабылдаудан бас тартса, оның ішінде 1, 5, 10 теңгелік монеталарды, онда сол бойынша да заң жүзінде жауапқа тартуға болатынын айтып отыр. Сондықтан ведомствадағылар тұтынушыларға өз құқықтарын біліп жүруге, таптатпауға кеңес береді.