Елдегі төрт түліктің паспорты электронды форматқа көшірілуі мүмкін

0
1 901

Бұл осы саладағы қағазбастылық пен қызмет көрсету уақытын азайтады және бюджет қаржысын үнемдейді.


Елдегі төрт түліктің паспорты электронды форматқа көшірілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Алдағы уақытта елдегі төрт түлік пен жан-жануардың паспорты электронды форматқа көшірілуі мүмкін, деп жазады 24.kz.

Бұл осы саладағы қағазбастылық пен қызмет көрсету уақытын азайтады және бюджет қаржысын үнемдейді. Ветеринария саласын автоматтандыруға бағытталған заң жобасын бүгін Парламенттің жоғары палатасы екінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасында қаралып отырған мәселелер мемлекеттік ветеринариялы-санитариялық инспекторларға бақылау және қадағалау жүргізу кезінде техникалық құралдарын пайдалану құқығын іске асырады. Сондай-ақ Еуразиялық Экономикалық одақ шекарасында кеден органдары мен ветеринариялық инспекторлардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: - Бұл біріншіден мал иесіне жеңіл болады. Ол құжаттардың бәрін арқалап жүру керегі жоқ. Екіншіден, ауылшаруашылық саласында істеп жүрген, соның есебін жүргізіп жүрген мамандарға жеңіл болады. Және ветеринариялық мамандарға бүкіл ақпаратты қағаз жүзінде жүргізбей олар қазір электронды түрде соған кіргізіп қояды. Ол кез келген уақытта сол электронды жүйеге кіретін рұқсаты болған адам қай уақытта болса да кіріп қарауға болады. Ол қай уақытта қандай екпе жұмысын жүргізді. Қай уақытта вакцинасын жасады. Оның малының сырғасындағы өміріне дейін.