Елдегі үш банк шығынға батты

0
397

Олар шамамен 46 миллиард теңгеден айырылған.


Елдегі үш банк шығынға батты

ERNUR.KZ. 2020 жылдың алғашқы тоғыз айында еліміздегі екінші деңгейлі банктердің таза табысының көлемі 669,6 млрд теңгеге жетті. Finprom.kz басылымының хабарлауынша, бұл көрсеткіш былтырғыдан 33,6%-ға көп. 2019 жылғы табыс көлемі 501,1 млрд теңге болған еді, деп жазады inbusiness.kz.

Биыл банктер қызметінің тиімділігі артып. Алғашқы үш тоқсанның қорытындысы бойынша банк секторы активтерінің табыстылығы (ROA) 3,4%-ға, меншікті капиталдың табыстылығы (ROE) 26,2%-ға дейін өскен.

Бұған қарамастан екінші деңгейлі үш банк шығынға батты. Олар шамамен 45,7 млрд теңге көлеміндегі қаражаттан айырылды.

Нұрбанк ең көп шығынға ұшырады: он айдың қорытындысы бойынша 39,3 млрд теңгеден қағылды. Бұған кредиттік шығындар бойынша банк шығыстарының артуы себеп болған.Сондай-ақ AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan банктері де осындай қиын жағдайға тап болды: 3,4 млрд және 3 млрд тг. Қазіргі уақытта бұл банктер пруденциалдық нормативтердің 12 ай бойы орындалмауы мен несие портфеліне қатысты проблемаларды бастан кешіріп отыр.