Электр энергиясы ең қымбат өңірлер анықталды

0
1 063

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасының тапсырмасымен жарық тарифтері төмендетілген болатын.


Электр энергиясы ең қымбат өңірлер анықталды

ERNUR.KZ. Елімізде қазан айының қорытындысы бойынша электр энергиясы тарифі ең жоғары қалалардың тізімінде Алматы көш бастап тұр, деп жазады Тengrinews.kz.

Мамандардың айтуынша, Алматыдан басқа, Алматы облысы, Орал, Өскемен және Семейде де жарық қымбаттаған.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Елбасының тапсырмасымен жарық тарифтері төмендетілген болатын.

"Қазақстанда қазан айында орташа есеппен жарық 1 -1,5 пайызға қымбаттады. Олардың ішінде Орал, Өскемен, Семей бар. 1 қарашада "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС өкілдері Алматы мен Алматы облыстарында тарифті көтерген. Сондай-ақ, Қостанай облысында да жарық тарифтері жоғарылады", - дейді сарапшылар.

Сарапшылар тарифтердің жоғарылауы Орал, Өскемен және Семейде жарықтың қымбаттауы себеп болғанымен байланыстырып отыр.