​Электрондық сауданың іргесі кеңеюде

0
964

Жақында Қытай тауарларының маркетплейсі «Одноклассники» әлеуметтік желісі арқылы Қазақстан нарығына шықты.


​Электрондық сауданың іргесі кеңеюде

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алынған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бір бағыты – электрондық сауда. Ал бұл өз кезегінде еліміздің күллі экономикасының қозғаушы күшіне айнала алады. Осы негізде Үкімет қаулысымен іргелі реформалар басталып, олардың жалғасын тауып жатқанына да куәміз. Айталық, 2017 жылы қазақстандық e-commerce нарығының көлемі 106,9 млрд теңгені немесе бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің 1,2 пайызын құрады, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 36,2 пайызға жоғары.

"Қазпошта" АҚ мәліметінше, электрондық сауда нарығының көлемі 2018 жылдың 5 айында 101 млрд теңгені немесе бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің 2,9 пайызын құрады (3,53 трлн теңге). Тағы да айта кетерлігі, елімізде жыл басынан бері 110 жаңа электрондық сауда субъектісі тіркелген. Нарықта 1658 интернет-дүкен жұмыс істейді, сатып алушылар саны 5 пайызға өсті. Салада 71,6 мың қызметкер жұмысқа орналастырылды.
Ал жақында Қытай тауарларының маркетплейсі «Одноклассники» әлеуметтік желісі арқылы Қазақстан нарығына шықты. Енді аталған әлеуметтік желінің еліміздегі 2,5 млн пайдаланушысы интернет-дүкеннің 30 млн-нан астам тауарын таңдап, тапсырыстың төлемін теңгемен жасай алады. Ал тауарды қысқа мерзімде жеткізіп беру қызметін «Қазпошта» АҚ қазіргі заманғы технологияларының арқасында мойнына алады.

ОК интернет-дүкені әр түрлі санаттағы тауарды таңдауға, сатып алуға және пошта арқылы жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік береді. E-commerce платформасының негізгі ерекшелігі – пайдаланушы контентінің интеграциясы (UGC): сатып алушылар тауарларды бейне және фото шолулар арқылы қарап, бағалай алады. Сондай-ақ тауарлар туралы ақпаратты достарымен әлеуметтік желілерге бөлісіп, оларды жақындарына ұсына алады.