Елге доллардың алғашқы партиялары жеткізілді

0
503

Қазақстанға қолма-қол валюта жеткізу қалыпқа келтіріле бастады.


ERNUR.KZ. Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын жеткізу жағдайы қалыпқа келуде, қаражаттың алғашқы легі келіп түсті, деп жазды inbusiness.kz.

"Қазір сатып алдық, алғашқы партия келіп жетті, сондықтан қолма-қол ақшаға қатысты жағдай қалыпқа келе бастады", – деді Пірматов.

"Қалыпты жағдайда коммерциялық банктер қолма-қол валютаны өздері сатып алып, жеткізеді. Мұны қосымша "қауіпсіздік жастықшасы" болу үшін жасаймыз, егер кенеттен қандай да бір коммерциялық банкте валюта жетпей қалса, береміз", – деп қосты спикер.

Бұған дейін, Қазақстанның Ұлттық банкі Федералдық резервтік жүйе – АҚШ орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін қарастырғанын хабарлады.