Елімізде 5 мұнай-газ-химия зауыты пайдалануға беріледі

0
521

Осылайша, өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялық өнімдерін шығаруға жол ашылады.


Елімізде 5 мұнай-газ-химия зауыты пайдалануға беріледі

ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, мұнай-газ-химия зауытын 2025 жылға қарай пайдалануға беру жоспарланып отырған көрінеді.

Осылайша, өңдеу өнеркәсібінің жоғары технологиялық өнімдерін шығаруға жол ашылады.

"Энергетикалық кешенді белсенді жаңғырту арқылы электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 6%-ға жетеді. Қабылданған шаралар нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі 1,5 есеге артады. Шикізаттық емес экспорт 2 есеге ұлғайып, 2025 жылы 41 млрд долларды құрайды", - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Сонымен қатар шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестицияларды 75% арттыру да жоспарда бар.

"Нәтижесінде экономикадағы еңбек өнімділігі 1,2 есеге өседі. Энергетикалық кешенді жаңғырту есебінен 2000 мегаватт жаңартылатын энергия көздерінің қосымша қуаттарын іске қосу жүзеге асырылатын болады", - деді Әсет Ерғалиев.