Елімізде Абай, әл-Фараби атымен аталатын телеарналар ашылады

0
773

"Абай ТВ" жуырда, 30 маусымда іске қосылады.


Елімізде Абай, әл-Фараби атымен аталатын телеарналар ашылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік телеарна іске қосылады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаев мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Телевизиялық жобалар биыл - 2020 жылы іске қосылады.

"Біз "Абай" телеарнасын ертең - 30 маусымда іске қосамыз. Ол бөлек отау ретінде Қазақстан ТРК телевизиясының құрамына кіреді, отандық мәдениеттің бай мұрасын насихаттайтын арна болады", - деді Аида Балаева.

Екінші телевизиялық жоба - Әл-Фараби арнасы "Хабар" агенттігінің базасында сабақ басталатын уақытта іске қосылады.

"Әл-Фараби арнасы алты жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа оқу-танымдық телеалаңға айналады. Мұндай арнаға сұраныстың өзектілігі, әсіресе пандемия кезінде анық байқалып қалып жатыр", - деп сөзін толықтырды министр.

Сонымен қатар, 2020 жылы мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы пайда болады.