Елімізде алғаш рет ауқымды тазы мен төбет көрмесі өтті

0
1 040

Көрмеге Қарағанды, Ақмола, ШҚО, Абай, Жамбыл облыстарынан және Ресейден қонақтар келді.


Елімізде алғаш рет ауқымды тазы мен төбет көрмесі өтті

ERNUR.KZ. Алматы облысында тазы мен төбет иттерінің көрмесі ұйымдастырылды, деп жазады inform.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Шопан ата» агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай және Сұлтан Ибрагимовтың ұйымдастыруымен «Жеті қазына» төбет және тазы ит өсірушілер қауымдастығы құрылды.
Жаңадан құрылған қауымдастықтың ұйытқы болуымен Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында тазы, төбет иттер көрмесі өтті.
Шараның мақсаты - тазы мен төбет жанашырларының басын қосып, біріктіру, олардың тұқымын сақтап қалумен қатар, ғылыммен ұштастыру мәселелерін талқылау және осы мәселеге сала мамандарын тарту.
Одан бөлек, ұйымдастырушылардың қазақтың тазысы мен төбетін түркімен алабайы сияқты ұлттық брендке айналдырып, тазы-төбет ұстауды ел арасында кеңінен насихаттау мақсаты бар.
Қауымдастық құрылтайшысы Алмасбек Садырбайдың айтуынша, тазы – жеті қазынаның бірі, ұлтымыздың құндылығы, байлығы.
Оның тұқымын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу - қауымдастықтың басты миссиясы.
Көрмеге Қарағанды, Ақмола, ШҚО, Абай, Жамбыл облыстарынан және Ресейден қонақтар келді. Сондай-ақ, шараға тазы мен төбет өсіруші энтузиастар, сарапшылар мен кинологтар қатысты.
Айта кетсек, Украинаның Харьков қаласынан келген ит өсіруші Дмитрий Райхберг, төбет туралы ғылыми мақалалар авторы А.Қожахметов, экс-кинолог Владимир Владимирович, тазы сарапшысы А.Алпысбаев, С. Ибрагимов, П.Пенкин, Махамбет Спабеков көрме қонағы болды.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, Президент тапсырмасы аясында алғаш рет ұйымдастырылған көрме жоғары дәрежеде өтті.
Алдағы уақытта Астанада өткізу жоспарда бар.