Елімізде алғаш рет қазақ тілінде онлайн кинотеатр ашылды

0
845

Кинотеатрдағы фильмдердің 90 пайызы алғаш рет қазақ тіліне аударылып отыр.


Елімізде алғаш рет қазақ тілінде онлайн кинотеатр ашылды

ERNUR.KZ. Көрермендер үшін тек қазақ тілінде көрсететін онлайн кинотеатр іске қосылды, деп жазады Елорда Инфо.

«Қазақстандағы «Beeline» алғаш рет тек қана қазақ тілінде онлайн кинотеатр ашты. «QAZAQSHA» деп аталатын онлайн кинотеатр BeeTV мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді.

«QAZAQSHA» - алғашқы қазақ тіліндегі онлайн кинотеатр. Ондағы фильмдердің 90 пайызы алғаш рет қазақ тіліне аударылып отыр. Аударма кәсіби дубляж жасау студияларында жүзеге асырылды және әр филмьде 4-тен 6 дауысқа дейін бар», - делінген «Beeline» компаниясы таратқан хабарламада.