Елімізде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

0
818

Синоптиктер 8-10 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.


Елімізде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі

"Қазгидромет" орталығы мамандары бірқатар өңірде күн райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз 8-10 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады, 40-42 градус сақталады.

Ақтөбе облысы

9 шілдеде түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Күндіз қатты ыстық 35-38 градус күтіледі.

Қостанай облысы

Күндіз 9 шілдеде Қостанай облысының батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысы

Күндіз 08-10 шілдеде Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады.

Атырау қаласы

Күндіз 8-10 шілдеде қатты ыстық 37-39 градус сақталады.