Елімізде азық-түлік бағасы 11%-ға өскен

0
600

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2020 жылғы шілдеде инфляция 0,3% (2019 жылғы шілдеде – 0,2%) болды.


Елімізде азық-түлік бағасы 11%-ға өскен

ERNUR.KZ. Жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өсті, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша, 2020 жылғы шілдеде инфляция 0,3% (2019 жылғы шілдеде – 0,2%) болды.

Жылдық инфляция 7,1% (2019 жылғы желтоқсанда – 5,4%) деңгейде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,4%-ға, ақылы қызметтер – 3,2%-ға өскен.

2020 жылғы шілдеде халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, бір жылдан кейін күтілетін инфляцияны сандық бағалау 6,6%-ды құрады.