Елімізде бірқатар бағыттағы пойыздардың саны қысқарады

0
542

Жолаушылар нөпірінің күрт ұлғайып, індеттің таралу қаупінің артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы осындай шара қабылдауға мәжбүр болған.


Елімізде бірқатар бағыттағы пойыздардың саны қысқарады

ERNUR.KZ. Қыркүйектің 15-інен бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне өзгерістер енгізіледі, деп жазады 24.kz.

Атап айтқанда, бірқатар бағыттағы пойыздардың саны қысқарады. Жолаушылар нөпірінің күрт ұлғайып, індеттің таралу қаупінің артуына байланысты ұлттық тасымалдаушы осындай шара қабылдауға мәжбүр болған.

Сонымен, Нұр-Сұлтан – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Алматы, және Нұр-Сұлтан – Айсары бағытындағы пойыздың қатынауы сирейді.

Сондай-ақ Алматы – Шымкент және Алматы – Достық станциясы бағытындағы пойыз саны қысқарады.

Бұдан бөлек, Павлодармен арадағы Жезқазған, Сарығаш, Қызылорда және Қарағанды – Сарыағаш бағытындағы жолаушылар қатынасына да өзгерістер енгізіледі.

Пойыздар қозғалысына қатысты толық ақпаратты 105 нөміріне хабарласып біле аласыздар.