​Елімізде бірыңғай ветеринарлық бақылау жүйесін құру ұсынылды

0
1 014

Жаңа жүйе бойынша ветеринарлық бақылау қызметін мемлекеттік кіріс комитетінің құзыретіне қайтару жоспарланған.


​Елімізде бірыңғай ветеринарлық бақылау жүйесін құру ұсынылды

ERNUR.KZ. Бұл Агроөнеркәсіптік кешен туралы заңнама аясында жүзеге асырылады, деп жазады 24.kz.

Ұсыныс «Ветеринарлық қауіпсіздік жағдай және оны заңнамалық қамтамасыз етілуі» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Жаңа жүйе бойынша ветеринарлық бақылау қызметін мемлекеттік кіріс комитетінің құзыретіне қайтару жоспарланған. Бұрын бақылау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болған. Мұндай өзгерістер мал дәрігерлерінің жұмысын реттеп, мал шаруашылығын дамытуға көмектеседі дейді депутаттар.

«Бүгінгі таңда білікті мал дәрігерлерінің жетіспеушілігі – ветеринарлық, санитарлық жұмыстардың сапасына кері әсер етуде. Сондай-ақ мал дәрігерлерінің жалақысы төмен болғандықтан жас мамандар ауылды мекендерге бармайды»,- деді депутат Аңсар Мұсаханов.

Аңсар Мұсаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Әрбір ауылдық орталықта ветеринарлық қызмет үшінбөлек ғимарат болып, әр ауылдық округте станциялар құру керек деп санаймыз. Жануарлар иелеріне мал ауруларының алдын алу бойынша міндеттерін орындау жұмыстарын күшейтіп, жауапкершіліктерін арттыру керек. Ең маңыздысы, ветеринария саласындағы ғылымды дамыту.