Елімізде бор қышқылын пайдалануға тыйым салынды

0
2 796

Препарат адам денсаулығына зиян болуы мүмкін


Елімізде бор қышқылын пайдалануға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бірқатар ресейлік өндірушілердің «бор қышқылы» препаратын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күші жойылды, деп жазады altaynews.kz.

Мұндай шара аталмыш препараттың адам денсаулығына зиян болуы мүмкін деген ақпараттың шығуына байланысты қабылданып отыр.

«Санитариялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» филиалы бұл антисептик туралы ғылыми есептерді қайтарып алған екен.

Осы орайда ресейлік «Мелиген», «Рускерн», «ФЛОРА КАВКАЗА», «Самар фармацевтическая фабрика» өндірушілерінің осы препарат бойынша лицензиясының күші үш айдай уақытқа тоқтатылды.