Елімізде ең көп жалақы төленетін мамандықтар жарияланды

0
1 299

Техникалық мамандықтар бойынша жоғары жалақысы бар жұмыс табу мүмкіндігі жоғары.


Елімізде ең көп жалақы төленетін мамандықтар жарияланды

ERNUR.KZ. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Қазақстанда ең көп жалақы төленетін салаларды атады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ең алдымен бұл мұнай-газ және тау-кен ісі, электроника мен автоматтандыру, жылу энергетикасы салалары. Мұнда техникалық мамандықтардың еңбекақы, жұмысқа орналасу бойынша алда тұрғанын атап өткіміз келеді. Яғни, түлектер мен ата-аналар үшін жақсы нұсқаулық, қазіргі уақытта техникалық мамандықтарға сұраныс көп»,- деді О. Ордабаев «ЖОО рейтингі: Қазақстандағы ең жоғарғы және төменгі көрсеткіштер» онлайн конференциясында.



Спикер техникалық мамандықтар бойынша жоғары жалақысы бар жұмыс табу мүмкіндігі жоғары екенін атап өтті.