Елімізде іздеу жарияланған қос әйелдің көз жұмғаны анықталды

0
670

Әйелдердің неден көз жұмғаны белгісіз.


Елімізде іздеу жарияланған қос әйелдің көз жұмғаны анықталды

ERNUR.KZ LIDER.KZ еріктілері Шымкент пен Алматыда іздеу жарияланған екі әйелдің көз жұмғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Щелконогова Татьяна Алексеевна 1961 жылы Шымкентте туылған. 19 мамырда Шолохов көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Анықталғандай әйел күйзеліс жағдайында болған.

Айдамирова Айша Әшімқұлова 1952 жылы туылған, оны қызы іздестірген. Бұған дейін әйел Алматыдағы екінші шағынауданда тұрыпты. Бірақ туыстарымен байланыс 2009 жылы белгісіз себептермен үзіліп қалған. 22 мамырда әйелдің көз жұмғаны анықталды.