Елімізде қаңтардан бастап жұмыс берушілер үшін бірыңғай төлем енгізілуі мүмкін

0
392

Құжат 14 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Елімізде қаңтардан бастап жұмыс берушілер үшін бірыңғай төлем енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ қайтарудың жаңа қағидаларын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне жалақыдан бірыңғай төлемді енгізуді көздейді және оны төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін белгілейді.

Бірыңғай төлемге жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, аударымдарды және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды енгізу ұсынылды.

Қағида жобасына сәйкес:

  • әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
  • бірыңғай төлем төлеуші – жұмыс беруші;
  • бірыңғай төлем – міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар, жеке табыс салығы.

Сондай-ақ құжатта Бірыңғай төлемді есептеу тәртібін және бірыңғай төлемді бөлу және аудару, сондай-ақ оны қайтару тәртібі қарастырылған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, бұйрық жобасын қабылдау микро және шағын бизнес субъектілерінің еңбекақы қорына түсетін жалпы жүктемені азайтады.

Құжат 14 желтоқсанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.