Елімізде қазан айынан бері 2,1 млн-нан астам адам ЖРВИ-мен ауырған

0
857

Бүгінде 2,5 миллион адам екпе алды. Бұл - ел халқының 12 пайызы.


Елімізде қазан айынан бері 2,1 млн-нан астам адам ЖРВИ-мен ауырған

ERNUR.KZ. Республикада тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық өсуі байқалып отыр. Бұл былтырғыға қарағанда айтарлықтай жоғары. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Республикада тұмау және ЖРВИ-мен сырқаттанудың маусымдық өсуі байқалып отыр. Санитарлық қызметтің мәліметтеріне сәйкес, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері, яғни 1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 2,1 млн-нан астам жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 1 млн 370 мың. Біз ауру қоздырғышына зерттеп жүргіздік. "В" тобындағы вирус барлық дерлік аймақта байқалады. Суық тию сырқаттанушылығының өсуі өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен алғанда 10 пайызға жоғары", - деді ведомство өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министрдің сөзінше, аурудың алдын алу мақсатында елімізге тұмауға қарсы вакцинаның 2 млн 280 мыңнан астам дозасы әкелінді.

Бүгінде 2,5 миллион адам екпе алды. Бұл - ел халқының 12 пайызы.

"Осы тұста сіздерге үндеу тастағым келеді. Болашақта мына жайтты ескергендеріңіз дұрыс. Қыркүйек айында отбасы мүшелерінің – оқушылар, студенттер мен зейнеткерлердің екпе алғаны жөн. Бұл үшін денсаулық сақтау жүйесі барлық мүмкіндік жасап отыр", - деп түйіндеді ол.