Елімізде кибершабуылдар саны шамамен 3 есе артты

0
2 430

​Оның 2,7 мыңы – ботнеттер.


Елімізде кибершабуылдар саны шамамен 3 есе артты

ERNUR.KZ. 2021 жылдың қаңтар айында 3 мыңнан аса кибершауыл тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,8 есе жоғары. 2020 жылдың қаңтарында аталған көрсеткіш керісінше 30,5%-ға төмендеген еді, деп хабарлады inbusiness.kz.

2018-2022 жылдары ел халқының IT сауаттылық деңгейін көтеруге негізделген «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған мемлекеттік жоба негізінде бұл көрсеткіште 77%-дан 83%-ға жеткізу жоспарланған. 2019 жылы халқымыздың цифрлық сауаттылық деңгейі жоспарланған 78,5%-дан асып, 82,1%-ға жетті.

Осылайша Қазақстан БҰҰ-ның киберқауіпсіздік бойынша рейтингінде 40-орынға тұрақтаған.

Алайда ел халқының IT қатерлерді түсіну көрсеткіші 63% шамасында, деп хабарлады primeminister.kz.

2021 жылдың алғашқы айында тіркелген 3 мың кибершабуылдың 2,7 мыңы – ботнеттер. Ботнет деп отырғанымыз – компьютерлерді иелерінің келісімінсіз қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін вирустық бағдарламалар желісі. Бот-желілердің көмегімен қылмыскерлер спамдарды жібере алады, вирустарды тарата алады, компьютерлер мен серверлерге шабуыл, сондай-ақ басқа қылмыстар мен алаяқтық түрлерін жасай алады. Елімізде мұндай жағдайлар саны 3,2 есе өскен.