Елімізде киім-кешек бір жылда 15 пайызға қымбаттаған

0
746

Оның ішінде ерлер киімі бір жылда 14%-ға, әйелдер киімі 14,1%-ға, балалар киімі 17,2%-ға қымбаттаған.


Елімізде киім-кешек бір жылда 15 пайызға қымбаттаған

ERNUR.KZ. Биылғы қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бір жылда киім-кешек 14,6 пайызға қымбаттаған. Киімдердің басым бөлігі Қытайдан әкелінеді, деп жазады Azattyq Ruhy.

Energyprom зерттеуінше, әсіресе Астанада киім бағасы бір жылда 25%-ға өскен. Сондай-ақ үздік үштікке Қызылорда облысы (19,8%-ға) және Ақмола облысы (19%-ға) көтерілді. Ең аз өсім Ақтөбе облысында болды – 9,7%.

«Оның ішінде ерлер киімі бір жылда 14%-ға, әйелдер киімі 14,1%-ға, балалар киімі 17,2%-ға қымбаттаған», - дейді сарапшылар.

Осы жылдың тоғыз айында Қазақстанда киім өндірісі 43,1 миллиард теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 12,7 пайызға артық.

Киім көп өндіріс Шымкентте тіркелді – 7,4 млрд теңге, бір жылдық өсім – 44%. Одан кейін Алматы – 6,9 млрд теңге, жылдық өсім – 15,2% және Алматы облысында – 4,2 млрд теңге, бірақ өңірдің жылдық көлемі 48,6%-ға төмендеді.

Биылғы тоғыз айда тоқыма бұйымдарының импорты 888,9 млн доллар сомасында 71 мың тоннаны құрады.

Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім-кешек әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9%-ға аз көрсеткіш. Қазақстан үшін негізгі жеткізуші Өзбекстан болды – 10,2 мың тонна өнім, бұл өткен жылғыға қарағанда 5,4% аз.

«ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 54,1 мың тонна киім-кешек импорттады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізушілер Қытай (39,3 мың тонна) мен Түркия (12 мың тонна) болып отыр», - делінген хабарламада.